+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кетті

2021 жылғы 3 тамыз 19:40
Бөлісіңіз:
Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Boeing-767» ұшағының Атырауға шұғыл қону себебі белгілі болды Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 90 пайызы вакцина салдырды «Сары» аймақтағы Атырау облысында карантин қашан жеңілдемек

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері су айдындарында 21 адам батып кеткен. Оның ішінде 7 бала бар. Ал, құтқарылған 3 адамның екеуі бала.

«2 тамызда сағат 19:14-те Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылының тұсында 17 жасар жасөспірімнің суға батқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Сүңгуірлер кешкі сағат 21:03-те суға батқан жасөспірімнің денесін тауып, жағаға шығарды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері 356 профилактикалық рейд өткізілген. Оның ішінде 218 рейд полициямен бірлесе жүргізілген.

«Соған қарамастан, құтқарушылар мен полицейлердің ескертуін елемей, арнайы белгіленбеген орында суға шомылатындар азаймай отыр. Полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда шомылғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 200 мың теңгеден астам айыппұл сомасын құраған 369 хаттама толтырды» -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 47 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кеткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT