Атырауда 160 жер учаскесі өзге мақсатта пайдаланылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мақсатсыз пайдаланылып жатқан немесе мүлдем бос тұрған 160 жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жалпы саны 160-ты құрайтын учаскелер облыстық орталықтың жер қоры жүргізген мүлікті түгендеу жұмыстары барысында анықталды. Шаралар қолдану үшін тиісті органдарға 126 жер учаскесі иегерлерінің құжаттары жіберілді. Бұған қоса, қалалық мәслихат мақсатсыз пайдаланылған жер иелеріне салық мөлшері 10 есе көлемінде белгіленетіні туралы қаулы қабылдады», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов.

Соңғы жаңалықтар