Атырауда 16 тұрғын маска тақпағаны үшін жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тақпағаны үшін жазаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабыловтың мәлім етуінше, карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі бекітілген. Жеке тұлғаларға 30, ал, бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

«Соңғы бірнеше тәулікте Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тағу режимін бұзғаны үшін жазаланды», -деді Садуақас Байғабылов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылған еді.



Соңғы жаңалықтар