Атырауда 15 мың шаршы метр аумаққа гүлзар отырғызылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың Азаттық, Әбілқайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында гүлзар пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, көктем мен жазда 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар - раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия. Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, тал суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, 3 мыңнан аса ағаш пен 700 метр ағаштан тұрғызылған қоршау отырғызу жобасы да әзірленуде. Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының бойында кей жерлерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар