Атырауда 15 көп балалы отбасы баспаналы болды

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда 15 көп балалы отбасы жаңа пәтер кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі хабарлағандай, 15 пәтер «Береке» ықшамауданынан берілген.

«Кезекте тұрған көп балалы отбасылар пәтер алды. Жалдамалы баспана, жекешелендіруге жатпайды. Ай сайын заңмен белгіленген мөлшерде азғантай сома төлейді»,-деп нақтылады әкімдіктен.

Айта кетейік, Парламент депутаттары көп балалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Құжат бойынша жалдау құны айына бір шаршы метрге 115 теңге. Жалдамалы баспанаға тіркеуге тұру тек көп балалы отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі, үйде туыстарының жеңілдікпен тұруы заңмен қарастырылмаған.

«Кезекте тұрған көп балалы отбасылардың саны- 1,5 мың. Алдағы айда тағы да көп балалы отбасыларға баспана беріледі», - деп нақтылады әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар