Атырауда 14 жасар оқушы мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 14 жасар оқушы мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласындағы №2 Ж.Нәжімеденов атындағы мектептің оқушысының «бомба қойылғаны» туралы жалған хабар бергені анықталды.

Мектеп ғимаратында жарылыс болады деп көрінеу жалған хабар оқушы 2008 жылы туған жасөспірім анықталды. Ол осы мектепте оқиды.

Оқушы Атырау қалалық полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Елімізде терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабар таратушылар қылмыстық жаауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық Кодексiнің 273-бабымен бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланғанын хабарлаған едік.

Кейін «бомба қойылған» мектептен жарылғыш зат табылмады.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, мектеп әкімшілігі балаларды эвакуациялау туралы ақпаратты ата-аналардың чаттарына жедел таратқан.

«Мұғалімдердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде ата-аналар балаларын алып кетті. Екінші және үшінші ауысымда оқитын оқушылар үшін оқу-тәрбие процесі қашықтан жүргізіледі. Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру аяқталғаннан кейін мектепте қажетті дезинфекциялық жұмыстар атқарылады», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.




Фото: t.me/POLICE_of_KZ



Соңғы жаңалықтар