Атырауда 14 млн теңге айыппұлын төлемеген 192 жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 14 млн теңге айыппұлын төлемеген 192 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының полицейлері 15 қазан-15 қараша аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

«Басты мақсат – жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтау. Патруль полиция қызметкерлері тек бір тәулік ішінде айыппұлын төлемеген 8 жүргізушіні анықтап, олардың көлігі арнайы тұраққа койылды. Мәселен, С.Датов көшесінде ресейлік нөмірі бар «Audi a6» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік иесінің 500 040 теңге айыппұлын төлемегені анықталып, автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Іс-шара кезінде 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені белгілі болды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айыппұл төлемеген жүргізушілердің басым бөлігі, яғни, 135 жүргізуші Ресей Федерациясында тіркелген көлікпен жүрген. Ал, Армения Республикасының көлігімен жүргендер – 18 жүргізуші.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар