Атырауда 13 мектеп пен 12 балабақша директорының лауазымдық орны бос тұр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 13 мектеп пен 12 балабақша директорының лауазымдық орны бос тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші басшылардың бос лауазымдық орнына конкурс жарияланған.

Қазір Атырау қаласындағы жалпы білім беретін 13 мектепке тұрақты жұмыс істейтін директор қажет. Сол себептен №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, IT мектеп-лицейі, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп, №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия, №37 орта мектеп, №15 Абай атындағы орта мектеп, №24 орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп, №17 мектеп-лицейі директорының бос лауазымдық орнына конкурс жарияланып отыр.

Сондай-ақ Атырау қаласының аумағында орналасқан 12 балабақшаға басшылық жасайтын директор іздеп жатыр. Мәселен, №26 «Жұлдыз», «№24 «бақытты балалық шақ», №12 «Үміт», №36 Нұрәлем», №38 «Аққайың», №54 «Айгүл», №33 «Көркемай», №10 «Құлыншақ», №43 «Арман», №29 «Нұрсая», «№25 «Еркемай» бөбекжай-бақшасы», №20 «Алтын балық» сөйлеу тілінде күрделі құбылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшасына бірінші басшы қажеттігі туындап тұр.

Бос лауазымдық орындарға құжат қабылдау конкурс жарияланғаннан бастап 7 күн ішінде қабылданады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 31 орта мектепте директордың орны бос тұрғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар