Атырауда 1188 тұрғын үйдің кіреберісі мен аулалары дезинфекцияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 1188 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі менаулалары бірнеше рет дезинфекцияланды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары РинатЖаңғылышов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының арнайы қызметкерлері

көшелер мен жолдарға, автобус аялдамаларына, қоқыс контейнерлері орнатылған

алаңдарға дезинфеуциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Дезинфециялау жұмысына әскери жиынға шақырылғандар да тартылды. Олар сондай-

ақ, қоғамдық тәртіпті қадағалауға, блок-посттардағы кезекшілікті атқаруға қатысуда.

Сонымен бірге, карантин талабының сақталуына ерікті түрде көмек беріп жүрген

волонтерлер да бар. Олардың бәрі арнайы қорғаныш киімімен, жеке гигиеналық заттармен қамтылды» -деді Ринат Жаңғылышов.

Қазір дезинфекциялау жұмысына 86 гидропульт, 6 ауа генераторы мен 6 тұмандату генераторы пайдаланылуда. Бұған дезинфекция жүргізетін 3 мекемеден 107 қызметкер де тартылған.

Соңғы жаңалықтар