Атырауда 11 жаңа мектеп салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 11 жаңа мектеп салынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.          

«Қазіргі таңда 1200 орынға арналған мектеп құрылысы Береке кентінде және 900 орынға арналған мектеп құрылысы Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр. Самал ықшамауданындағы 600 орындық мектептің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтеді. Қазір тағы 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Олар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынатын болады», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Калауи брифинг барысында.               

Сондай-ақ, спикер М. Қалауи хабарлағандай, әкімдік уақытша ақысыз пайдалануға және барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізуге жаңа мектептер салу үшін жер учаскелерін береді.

Соңғы жаңалықтар