Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейгенін хабарлаған едік.

«Өңірде 2 632 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлар бар. Бұл стационарларда 1 105 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Мұндағы жүктеме – 41,9%. Ал, 113 орынға есептелген жансақтау бөлімдерінде 65 пациент жатыр. Оның 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 57,5%-ды құрайды», - деп мәлім етті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар