Атырауда 11 инвестициялық жоба іске қосылып, 762 жұмыс орны ашылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында 11 инвестициялық жоба іске қосылып, 762 жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетовтің мәліметінше, биыл жалпы құны шамамен 920,4 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобаларда 762 жұмыс орнын ашылады.

«Инвестициялық жобалардың шеңберінде түйіршікті күкірт өндіру, тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар, бетон және темір бетон бұйымдарын шығару көзделіп отыр. Сондай-ақ, газхимиялық кешен, құрғақ құрылыс қоспалары, тоқыма геотекстиль шығару, мұнай-газ саласы үшін машина жасау зауыты іске қосылады» -дейді Қаныш Мәмбетов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңір экономикасына инвестиция тартуға барынша қолдау көрсетіледі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда инвесторлар 3,6 млрд теңгенің жобаларын іске асыратынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар