Атырауда 103 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

«Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 4 шетел азаматына қатысты шығарып жіберу туралы шешім шығарды. Ал, 2018 жылдан бері Қазақстан аумағынан өз еркімен шығу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 16 азаматына қатысты мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілді. Шақырылған шетелдіктер елімізде болудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін оларды қабылдаған 34 азамат жазаланды. Сонымен қатар, 6 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны белгілі болды» -деп хабарлады депаратменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 297 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 27 шетелдік рұқсатсыз жұмыс ісетегені анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар