Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі - жастар. Дегенмен егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі - 51 жастағы Ажар Алимақанова - жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатқан марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", - дейді «Atyrau Marathone-2019» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Түнгі марафон 4,5 км қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сөре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.null

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды.

Айта кетейік, шілде айында дәстүрге айналған "Эко марафоны" өтетін болады.

null null null null

Соңғы жаңалықтар