Атырауда 100 жас отбасыға жаңа пәтер беріледі

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атыраудың Нұрсая ықшам ауданында жаңа көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы жастармен қарқынды жұмыс жасап, қайырымдылық пен кәсіпкерлікке қолдау білдіріп, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсетіп келеді.

«Биыл бізде көптеген өзгерістер бар. Студенттерге қоғамдық көлікте жүруге 50% жеңілдік берілді, бұған жергілікті бюджеттен 313,6 млн. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, осы жазда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша  2000 студент қамтылады, оларға 61 000 теңге көлемінде айлық төленеді. Айта кету керек, осы жылдың шілде айында жас отбасыларға «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі», - дейді Роллан Құспан.

Мұнайлы өңірде мемлекеттік бағдарламалар да қарқынды іске асуда.

««Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бойынша 32 жас маманға бюджеттік несие берілді, 125-і бір реттік әлеуметтік көмекпен қамтылды. Жұмыспен қамтуға байланысты 2017-2021 жылдарға арналған бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыс орнында 2419 жас, оның ішінде ауылдық жастардың 2020 өкілі қамтылды. «Бизнес Бастау» жобасының мәліметі бойынша, 1 325 адам кәсіпкерліктің негізін үйренді, оларға 669.938 миллион теңге көлемінде микрокредиттер берілді», - дейді  басқарма басшысы.

Фото: ysia.ru

Соңғы жаңалықтар