+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Атырауда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағин концерт берді

2020 жылғы 13 ақпан 15:23
Бөлісіңіз:
Атырауда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағин концерт берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында әлем елдеріне өнерімен танылған ең жас композитор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағиннің тегін концерті өтті.

Ұқсас жаңалықтар
«Томирис» каскадерлардың «Оскарын» жеңіп алды Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды

Ол – симфониялық оркестрге және камералық ансамбльге арналған 100-ден астам туындының авторы. Көптеген халықаралық композиторлар мен пианистер конкурсының жеңімпазы. Табиғи қабілетінің арқасында 13 жасында студент атанып, 17 жасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік бітірген. Атырауда «Қазақстанның Моцарты» атанған дарын иесінің тегін концерті «Зымыран заман» деп аталды.

Бес жүз орындық театрға жиналған атыраулықтар Рахат-Би Төлегенұлының классикалық шығармаларын жылы қабылдады. Әсіресе, жас композитордың «Өмірге құштарлық», «Жыл құстарының сыңсуы» секілді бірнеше туындысы көрерменді баурап алды.

«Бұл –менің Атыраудағы алғашқы концертім. Көрерменнің классикалық өнерге де бет бұрғаны қуантады» дейді талантты композитор Рахат-Би Әбдісағин.

Жолдасбек Көшербайұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT