+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Атырауда 100 шақырымға жуық жол салынады

2019 жылғы 13 ақпан 12:08
Бөлісіңіз:
Атырауда 100 шақырымға жуық жол салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Биыл Атырауда 100 шақырымға жуық жол салынады. Бұған қоса ұзындығы 71 шақырым болатын 141 көшеге жол құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы айтты. Қала басшысының айтуынша, 2018 жылы Атырауда және қала аумағына қарасты елдімекендерде жалпы ұзындығы 200,9 шақырым болатын 268 көшеге тас жол төселген. Биыл жол инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жалғасын табады.

«2019 жылы жалпы ұзындығы 99,5 км құрайтын 104 көшеге тас жол төсеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс орталығы мен іргелес елдімекендердегі ұзындығы 71,2 шақырым болатын 141 көшенің жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалу үстінде»,-деді Атырау қаласының әкімі.

Биыл ұзындығы 207 шақырымды құрайтын 205 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге ашық электронды конкурсқа өтініш берілді.

null

2018 жылы Баймұханов, Тайманов, Владимирский көшелерін қайта жаңғыртудан өткізіп, кеңейту кезінде заманауи үлгідегі 23 дана автобус аялдамасы орнатылды.

Владимирский-Құрманғазы, Владимирский-Ғұмаров, Владимирский-Сәтпаев, Сәтпаев-Ерниязов, Сәтпаев-Тайманов көшелерінде автокөлік құралдарының қозғалысы ағынын азайту мақсатында «оң жақ бұрылыс» жолы төселді.

«Сондай-ақ қаладағы басты 11 көшені және қала аумағына қарасты Атырау-Индер автожолының 10 шақырым бөлігін қайта жаңғыртып, кеңейтуді жоспарлап отырмыз»,-деп нақтылады Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Атырау қаласының әкімі биыл Береке ықшам ауданындағы жол қозғалысын реттеу, көлік кептелісін азайту мақсатында жол айрығы құрылысы жүргізілетінін де атап өтті.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT