+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді

2021 жылғы 28 қыркүйек 07:37
Бөлісіңіз:
Атырауда 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1,5 жылдық үзілістен кейін 10 шақырымдық қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еркебұлан Малшыұлы Моңғолиядағы күрестен аймақтық лашын атағын жеңіп алды Матрица: 2 мегаполис пен 4 облыс «қызыл» аймақта тұр Шымкентте бадминтоннан ел чемпионаты өтеді

«Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитеті президентінің орынбасары Юрий Пономаревтің айтуынша, марафонды 17 қазанда өткізу жоспарланған.

«Атырауда бұл марафонды өткізу 2017 жылы басталған еді. Алайда, былтыр коронавирус инфекциясының таралуына байланысты онлайн форматта өткіздік. Биыл қайырымдылық мақсаттағы марафонды алғаш рет қала орталығындағы көшелерде емес, «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі ашқан балалар ауылының аумағында өткізуді жоспарлап отырмыз. Қала сыртында өтетін марафонға жасы 16-дан асқан жүгірушілер қатыса алады. Бірақ, қатысушылардың санын шектеп, 230 адамнан асырмауды көздедік. Қатысушылардан жүгіру басталғанға дейін және одан кейін маска тағу, қашықтықты сақтау талап етіледі» -дейді Юрий Пономарев.

Оның дерегіне сүйенсек, марафонның ұзақтығы – 10 шақырым. Жарысқа қатысу үшін 5 мың теңге төлеу керек. Марафонға қатысушылардан түскен қаржы «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық қорына аударылады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қайырымдылық марафоны онлайн форматта өтетінін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT