Атырауда 1 мыңнан астам жұмысшының 263,8 млн теңге жалақы қарызы өтелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында 1 018 жұмысшының 263,8 млн теңге жалақы қарызы өтелді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мамандарының мәліметінше , еңбекақыны кешіктіру мен төлемеуге жол бермеу мақсатында жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді.

«Биыл осындай бірлесіп атқарылған шаралардың нәтижесінде 11 мекемедегі 1 018 жұмысшының еңбек құқығы қорғалып, 263,8 млн теңге жалақысы толығымен өндірілді. ҚР Еңбек кодексінің талаптарын сақтамай, еңбекақыны мерзімінен кешіктіргені, толық төлем жүргізбегені үшін мекеме басшыларына заң бұзушылықты жою туралы 20 нұсқама берілді. Мекемелерге қатысты 58 әкімшілік хаттама толтырылып, 11,3 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өндірілді», - деп хабарлады аталған басқармадан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда кәсіпорын жұмысшыларына 56 млн теңгені кешіктіріп төлеген еді.




Соңғы жаңалықтар