Атырау қаласы –
Атырау облысының әкімшілік орталығы. Қазақстанның батысындағы Жайық өзенінің жағалауында орналасқан қала.
Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Бұрын Гурьев аталған. Ал, 1992 жылы қаланың атауы Атырау болып өзгертілді.
Шаһар Еуропа мен Азия құрлығының ендігінде тұр. Тұрғындарының саны 2019 жылы 270 882 адамға жетті.
Атырау қаласы архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағалауындағы ескі бөлігінде ХХ ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4-5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес кезінде «Ембімұнай» бірлестігінің кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы бой көтерген.
1965 жылы 28 тамызда Жайық өзені арқылы өтетін алғашқы темірбетон көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр. Символикалық рөлі Европа мен Азияны жалғастырады. Қазір Еуропа мен Азия құрлығын жалғастыратын 6 көпір бар.
Қала ірі мұнай компаниялары мен шағын және бизнес нысандарының орталығына айналды.
Телефон коды – 7122
Атырау қаласының әкімі
Мейірім Қалауи.