Атырау жылына 60 млн тонна мұнай өндіретін болады – облыс басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылдан бастап Атырау облысында жылына 60 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 20212025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданғанын атап өтті. Аталған жоспар аясына алдағы 5 жылда өңірде 9,5 трлн теңгеге 198 іс-шара жүзеге асырылады. Қаражаттың 90 пайызы немесе 8,7 трлн теңгесін жеке инвестиция құрайды. Ал республикалық бюджеттен 671 млрд, жергілікті бюджеттен 108 млрд теңге бөлінеді.

«Мұнай өндіру көлемі 2025 жылға қарай 28 пайызға артып, 60 млн тоннаға жетеді. Оған Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы арқылы жылына мұнай көлемін 12 млн тоннаға арттыру, мұнай өндіру көлемін жылына 2 млн тоннаға арттыруы тиіс Қашаған кен орнындағы кешенді іс-шаралар мүмкіндік беруі тиіс», - деді Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, өңірде мұнай-газ химиясын дамыту мақсатында арнаулы экономикалық аймақ аумағында жалпы құны 6,1 трлн теңгені құрайтын 4 жаңа жоба жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар