Атырау жұртшылығы Денис Тенмен қоштасып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мұз сарайында Атырау жұртшылығы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшымен қоштасуға спорт федерациясының өкілдері, жас мәнерлеп сырғанаушылар мен қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиналған жұртшылық атақты спортшы Денис Тенді тебірене еске алып, жақындары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтты.

«Кеше қазақ спорты орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Денис Тен қысқа ғана ғұмырында есімін әлем спортында мәңгі жазып қалдырды. Оның ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Денисіміз енді қайтып оралмайды, бірақ біздің жас мәнерлеп сырғанаушыларамыз сәуір айында қаламызда Дениспен өткен шеберлік сағатын әрдайым мақтанышпен еске алатын болады», - деді дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.

Бүгін кешке дейін Атырау жұртшылығы Мұз сарайынының алдында гүл шоқтарын қойып, арнайы орнатылған экраннан оның ең жарқын сәттерінен түсірілген бейнелерді тамашалай алады. 
null

Соңғы жаңалықтар