Атырау және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

26 қыркүйек күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыс желінің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20 м/с болады.

Дауылдың ықтималдығы 80-85%.

26 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, түнде шығыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді. 

Соңғы жаңалықтар