Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 21 °С
USD 343.06 EUR 402.38
RUB 5.49 CNY 51.34
Жаңалықтар

Атырау зауытындағы өрт бензин бағасына әсерін тигізе ме

2017 жылғы 12 желтоқсан 13:43 1826
Бөлісіңіз:
Атырау зауытындағы өрт бензин бағасына әсерін тигізе ме

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетов Атырау мұнай өңдеу зауытында болған өрттің бензин бағасына кері әсерін тигізбейтінін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау мұнай зауытында болған өрттен кейін құбыр мен оның жанында болған кабельдерді ауыстыру қажет. Оған 5-6 күндей кетеді. Әрине, бензин мен дизель отынын өндіру көлемі төмендейді. Алайда бұның бәрі мұнай өнімдері нарығына ешбір әсер етпейді. Себебі қажетті жанар-жағармай қоры бар», - деді М.Досмұxамбетов журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде шығындар есептеліп жатыр. Оның көлемі көп болмайды. Дегенмен, мұнай өңдеу көлемі азайғандықтан, зауыт біршама табыстан айырылады.


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат