Атырау ықшамауданындағы көпқабатты үйлер ыстық суды 80 жыл көрмеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу үшін Балықшы ықшамауданындағы жаңа жылу энергетикалық кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, орталық жылу жүйесіне барлығы 53 үй қосылады, онда 2500 пәтер бар. Балықшы ықшамауданындағы кварталішілік жылумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу шеңберінде 8 шақырым жерүсті магистралдық құбыры тартылды. Жылу желілері трассасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайды.

«Қазіргі таңда ықшамауданның 36 тұрғын үйіне жылу берілді. Барлық 53 үйді толық қосуды 20 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Балықшыдағы үйлер ЖЭО-ға тәуелді схема бойынша жылумен және ықшамауданның тарихында алғаш рет ыстық сумен қамтамасыз етілетін болады. Жоба 90% жергілікті бюджеттен  және 10% республикалық бюджеттен  қаржыландырылды.   

null  «Бүгінгі таңда жоба аяқталды, ол үш бөліктен тұрды, бірінші бөлім - магистралдық жылу желілері, екінші бөлім - орталық жылу пункті және соңғы тармақ. Бүгінгі күні орталық жылу пунктінің қуаты ыстық суға - 15 мегаватты, жылуға 15 мегаватты, жалпы 30 мегаватты құрайды. Үш жобаның жалпы құны - 3, 3 млрд теңге», - деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаров.null

Балықшы кентінің тарихы 1937 жылдан бастап Атырау балық консервілеу комбинатының құрылуынан бастау алады. Осы уақытқа дейін кент тұрғындары үйде ыстық сумен қамтамасыз етудің және жылу берудің нашарлығынан үлкен қолайсыздықтар көріп келген болатын. 

«Бұл үйлерде ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры болған жоқ. Ал көпқабатты үйлер газ қазандарымен жылытылды. Олардың қуаты барлық үйлерді жылыту үшін жетпеді. Өткен жылдың күзінен бастап Атырау қаласының әкімдігі Балықшы ықшамауданында жаңа жылу энергетикалық кешен салу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қазіргі уақытта үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу аяқталуда. Енді осының арқасында Балықшы тұрғындарының үйлеріне жылу және ыстық су келеді», - деді Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

nullАтырау облысының әкімі қарамағындағыларға Балықшы ықшамауданындағы үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу бойынша барлық жұмыстарды аяқтауды, ақаулықтар мен апатты жағдайларды болдырмау үшін Балықшы ықшамауданындағы үйлерді аралап шығуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар