Атырау түрмелерінде сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмелерде отырған сотталушылардың туыстарымен екі тәулікке кездесуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты УГ-157/1, УГ-157/9, УГ-157/11 мекемелерде ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат берілді.

«Қылмыстық-атқару туралы заңнамаға сәйкес, 2 тәуліктен аспайтын кездесу белгіленген тәртіппен бойынша беріледі. Кездесуден шыққан сотталғандар 14 күнге карантинге орналастырылады. Ал, кездесуге келген туысының коронавирусқа қарсы ПТР-тест анықтамасы 5 күннен аспауы тиіс. Бұл өзге сотталғандардың саулығы үшін қолға алынып отыр» -дейді департамент бастығы Манарбек Габдуллин.

Оның айтуынша, бұдан бұрын карантин кезінде сотталған азаматтар туыстарымен таксафон және бейнебайланыс арқылы байланысып отырған.

Сондай-ақ, тергеуде отырғандардың қорғаушыларына кедергісіз кіріп-шығуға жағдай жасалып, білім алатын сотталғандарға онлайн-дәрістер жүргізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар