Атырау тұрғынынан киік мүйізі тәркіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Оймауыт ауылында атыраулық ұсталды. Одан киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 наурыз күні Оймауыт ауылы маңында атыраулық ұсталды. Оның мемлекеттік нөмірі жоқ «Урал» маркалы мотоциклінен төрт дана киік мүйізі тәркіленді.

«Заңсыз аң аулағаны үшін Қылмыстық кодекстің 339 бабы бойынша іс қозғалды. Мүйіз бен мотоцикл тәркіленді. Күдікті қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар