Атырау тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үйінің ауласына сора өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың ақпаратына сүйенсек, есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері марихуана өсірумен айналысқан тұрғынды анықтаған.

«Ұсталған күдіктінің мекенжайы бойынша ауласын тінту кезінде 10 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының 14 түп сора өсімдігі екені белгілі болды», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ауласында есірткі өсірген үй иесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар