Атырау тұрғыны өз ауласынан жабайы үкі тауып алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғыны үкіні құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атыраудың Көкарна ықшамауданында тұратын Марал Нысанов ауласында жүрген үкіні байқаған. Құс ұшуға талпынбаған соң ол оны үйіне кіргізген. Сосын облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына хабарласады. Біз айтылған мекенжайға барып, үкіні «Ақжайық» табиғи резерватына тапсырдық. Оны қарап шыққан орнитологтар еш жері жараланбағанын анықтады. Сондықтан құсты тамақтандырып, ұшырып жіберді»,- дейді облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Азамат Әбиғалиев.

Жыл сайын көктем мен күз кезінде құстың 292 түрі «Ақжайық» табиғи резерватының аумағы арқылы ұшып өтеді. Оның ішінде 110 құс түрі ұя салады, 76 түрі қыстап қалады.


Соңғы жаңалықтар