Атырау тұрғыны банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 47 жастағы тұрғын тауып алған банк картасымен сауда жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қарашада 26 жастағы азамат банк карточкасын жоғалтып алғаны туралы шағым түсірген.

«Арызданушы белгісіз адамның банк картасымен Атырау қаласындағы бірнеше сауда дүкенінде төлем жүргізгенін айтқан. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікке ілінген 47 жастағы тұрғынды ұстады. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бейнекамера көмегімен 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар