Атырау тұрғыны ауласында қарасора өсірген
2020 жылғы 8 шілде 12:15

Атырау тұрғыны ауласында қарасора өсірген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының тұрғыны үйінің ауласында қарасора есірткі өсімдігін өсіріп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласының маңындағы Химиктер поселкесінің тұрғыны үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктің 4 түбін өсірген. Полиция қызметкерлері ауланы тексеру кезінде есірткі шөбін тапты. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ «Қарасора-2020» рейді басталғалы полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі заттарын сату), 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша 10-нан астам дерек анықтаған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Биылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтап, жабайы қарасораның заңсыз саудасына тосқауыл қою» - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT