Атырау тұрғыны атасының ескі қаруын полицияға тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық тұрғын атасының ескі қаруын полицияға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, «Қару» профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді мен жарылғыш заттарды сатып алу жалғасып жатыр.

«Бүгінге дейін әкімшілік полиция басқармасы тұрғындардан 13 тегіс ұңғылы, 4 иір ойықты қару мен 817 оқ-дәрі тапсыруға қатысты 15 өтінішті қабылдады. Мәселен, қала тұрғыны 18-калибрлі «Е57880» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапсырды. Оның айтуынша, мылтық атасынан қалған. Енді оған тапсырылған қару үшін 26 253 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі», -дейді Ерлан Биғамбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған еді.

Соңғы жаңалықтар