Атырау тұрғындарына 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғындарына 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлімдеуінше, тұрғындарға 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді.

Оның ішінде 15 мемлекеттік, 5 жеке медициналық мекеме бар.

«Атырау облысында ​ 651​ 703​ адам тұрады. Қазір оның ​ 647​ 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. Ал, 18 жасқа дейінгі балалар мен жаөспірімдер саны - 244​ 322. Ауылдардағы емдеу ұйымдарына 356 524 адам тіркелген», - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында тұмауға қарсы вакциналау басталған еді.



Соңғы жаңалықтар