Атырау тұрғындары зейнетақы жинағынан 195 млрд теңгеге жуық қаржы алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары зейнетақы жинағынан 195 млрд теңгеге жуық қаржы алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отбасы банк» Атырау облыстық филиалының басшысы Нұрбол Құрманның айтуынша, 33 741 адамның зейнетақы қорындағы жинағынан алған қаржысы 195 млрд-қа жуық теңгені құраған.

«Оның ішінде 2 736 адам «Отбасы банк» арқылы арқылы алған ипотекалық қарызын жабу үшін 9 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Ал, 1 242 адам аталған банктен зейнетақы жинағын пайдаланып, жаңадан ипотека ресімдеді. Сондай-ақ, 18 315 атыраулық 155 млрд теңгеге жеке үй мен пәтер сатып алды. Ем-дом үшін 11 млрд-қа жуық теңге жаратылды», -дейді Нұрбол Құрман.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 26 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанын әйелдер басқаратынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар