Атырау тұрғындары төртінші қабаттан секірмек болған қызды райынан қайтарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төртінші қабаттағы терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102 операторының пультіне ер адам хабарласып, бойжеткеннің терезеден секіруге әрекеттенгенін айтып жеткізген. Қала көшелерінде жүрген полиция департаментінің барлық жеке құрамдары сол жерге аттандырылды. Махамбет көшесінде орналасқан үйге алғашқылардың бірі болып сержант Нұрланбек Төлегенов келген. 4-ші қабаттағы пәтер терезесінің алдында тұрған қызды көріп, көршілеріне барған», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

«Мен терезе алдындағы тақтайшаның тайғанақ екенін білгендіктен, аяқ киімімді шешіп тастадым. Карнизге жалаң аяқ тұрып, қыз отырған терезеге қолымды жеткізуге тырыстым. Көмек көрсету үшін тағы екі ер адам келді», - деп еске алады Нұрланбек.

Қала тұрғыны Есенбай Қайыровтың айтуынша, оқиға болған күні ол көлігін жөндетуге апара жатқан. Бойжеткеннің терезеге шығып, секірмек болғанын көрген. Дереу сонда қарай жүгірген.

Қаланың тағы бір тұрғыны Микаил Катаров дәл осы үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істейді.

«Адамдардың шулап жатқанын көріп сыртқа шықтым. Жай қарап тұрудың мәні жоқ еді, көмектесу керек деп ойладым. Сөйтіп екінші қабаттың балконына шықтым», - дейді Микаил.

Қызды құтқару кезінде адамдар қолдағы құралдарды пайдаланға. Яғни күрек пен таяқты арқылы бойжеткенді итеріп, пәтерге қайта кіргізген.

Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, Есенбай Қайыров пен Микаил Катаровқа қаланың патрульдік полициясының жеке құрамының алдында алғыс хат табысталды. Атырау қаласы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев алғыс айтып, олардың әрекетін барлық азаматтар мен полиция қызметкерлері үшін үлгі ретінде атап өтті», - деп мәлім етті өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Авторы А. Соколов

Соңғы жаңалықтар