Атырау тұрғындары масаны улау жұмысын тексере алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғындары масаға қарсы улау жұмысын тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында дезинсекциялық жұмыстар сәуір айында басталған. Содан бері көпқабатты 1188 тұрғын үйдің жертөлесі мен кіреберісіне дәрілеу жүргізілген.

«Қаладағы дезинсекциялық жұмысқа алты бригада жұмылдырылды. Оның екеуі таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл бригадалар көпқабатты үйлердегі жертөле мен кіреберісте зиянкестермен күреседі. Ал, төрт бригада кешкі сағат 20:00-ден түнгі сағат 02:00-ге дейін қала көшелерінде, ашық су қоймаларында, саябақта, мәдениет және демалыс орындарында, сондай-ақ, қала маңындағы ауылдық округтерде тазалау жұмыстарын жүргізеді»,- дейді энтомолог-маман Айнагүл Дәулетьярова.

Оның айтуынша, ПИК қызмет көрсетпейтін үйлерге дезинсекция жұмыстары сенбі-жексенбі күндері жүргізіледі. Ал, ПИК құрылған тұрғын үйлерге улау жұмыстары айына бір рет жасалады. Сондай-ақ, мамандар әлеуметтік желілерде арнайы чаттар ашқан.

«Біздің жұмысымызды қалалық әкімдікпен бірге тұрғындар да бақылай алады. Улау жұмыстарына көңілі толмаса, Telegram-чатқа жазып, жұмыс барысын тексеруге мүмкіндігі бар», - дейді Айнагүл Даулетьярова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда масаны улауға 65 млн теңге бөлінгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар