Атырау тұрғындары 19 және 22 наурызда автобуста тегін жүреді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары 19 және 22 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары осындай ортақ шешім қабылдаған.

«Елімізде 19 наурызда Парламент Мәжіліс және әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіндіктен, бұл күні автоубстар жолаушыларды тегін тасымалдайды. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні де қоғамдық көлікте тегін жүреді» -деп хабарлады Арслан Аронұлы.

Оның мәліметіне сүйенсек, Атырауда жолаушы тасымалдаумен айналысатын бірнеше кәсіпорын бар.

Қоғамдық көліктер 31 маршрутпен жолаушы тасымалдайды.

Атырау қаласы мен оған іргелес орналасқан елді мекендерге жолаушы тасымалдауға маршрутқа күн сайын 240 автобус жолға шығады.

«Қоғамдық көлікте кестеге сәйкес таңертеңге кешке дейін жолаушылар мен мұнайлы шаһар қонақтарын тегін тасымалдайды. Жолаушылардың жас айырмашылығына шектеу қойылмайды. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады», -деп мәлім етті Арслан Аронұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Атырау тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынап жүргенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар