Атырау теміржолшылары зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау теміржолшылары жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаровтың мәліметіне сүйенсек, жергілікті теміржолшылар қан қорын молайтуды ұйғарған.

«Елімізде болған жаппай тәртіпсіздіктен құқық қорғау органдары мен әскерилердің қаза тапқаны жанымызға батып отыр. Зардап шеккендер де аз емес. Атырау теміржол бөлімшесінде жұмыс істейтін 2000-ға жуық теміржолшы жарақат алғандарды қолдау үшін қан тапсыруға ұйғарым жасады. Кеше 70-ге жуық теміржолшы жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккендер үшін қан тапсырды», -дейді Елубай Сапаров.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздіктен 49 полицей мен 27 сарбаз

жарақат алғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар