+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Атырау су айдындарында балық қырылып жатқан жоқ - Сәкен Ділдахмет

2019 жылғы 4 наурыз 13:34
Бөлісіңіз:
Атырау су айдындарында балық қырылып жатқан жоқ - Сәкен Ділдахмет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының аумағының су айдындарында балық қырылып жатқан жоқ. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.

Айта кетерлігі, Фейсбукте Арман Хайруллин есімді желі қолданушысы Атыраудың «Бугорки» саяжай алабы тұсында өзен мұзының астынан өлі балықтар шығып жатқанын түсіріп, видео жариялаған болатын.

«Бүгін 3 наурыз. Бугорки. Мұз астындағы барлық балық өлі. Желтоқсан айында балық сатуға тыйым салу керектігін айтып едім. Мені тағы да әпенді деп қабылдап отыр. Мұны қалай бақылауға болады? Мың тоннаға жетті», - деп жазды ол.

Осыған орай ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтен пікір білген еді.

«Егер бұл Атырауда түсірілген видео болса, онда былтыр желтоқсанда қырылған балықтардың өлекселері немесе балықтардың табиғи өлуі. Мұз ерігенде әр су айдынынан қыста өлген балықтардың өлекселері шығып жатады. Ол уақытында ауа жібермегеннен болады. Қазіргі таңда Атырауда балық қырылып жатқан жоқ. Мамандар барлық су айдындарды бақылауда ұстауда», - деп жауап берді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT