USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті

2021 жылғы 29 қараша 20:15
Бөлісіңіз:
Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов шетелде оқитын студенттерді вакциналау мәселесін айтты Атырауда тағы бір университет ұжымы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды Атырауда 18 жастағы жүргізушіден мылтыққа ұқсас қолдан жасалған қару тәркіленді

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері резина, синтетика мата, пластмасса, полимер пленка және полиэтилен пакетінен тігілген киімдердің жиынтығын ұсынды. Студенттер аталған оқу орнында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын оқиды.

Карнавал костюмдері мен сәнді көйлектерді, зертханалық халат пен арнайы киім, тіпті жас жұбайларға арналған киімдерді тігу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерінің қалдығын пайдаланған.

«Көпшілік мұнайды тек отын өндірілетін шикізат ретінде біледі. Бірақ, іс жүзінде күнделікті тұрмыста тұтынатын бұйымдардың құрамында мұнай болуы мүмкін. Өйткені, мұнай компоненттерінен пластик, тұрмыстық химия құралдары, косметика, дәрі-дәрмектер жасалады. Мұнай жеңіл өнеркәсіпте бар. Тоқыма өндірісінде синтетика мата кеңінен қолданылады. Мәселен, полиэстерден тігілген жұмыс киімдері өте төзімді. Себебі, мұндай киімдер мыжылмайды, созылмайды, тіпті оңай жуылады. Осының бәрін біз көрермендерге көрсеткіміз келді» - дейді университет студенттері.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда инновациялық жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT