Атырау студенттері әскери робототехника, қару-жарақ құрастырудан сайысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда колледж студенттері әскери-патриоттық клубтар арасындағы робототехника сайысында жүк тасымалдау құрылғыларының моделін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық басқармасының қолдауымен онлай-робототехника сайысы «Әскери робототехника» және «Қару-жарақтың, әскери техниканың үлгілері» номинациялары бойынша өтті. Оған өңірдегі білім беру мекемелерінің әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарынан 32 тәрбиеленуші қатысты.

«Байқау қатысушылары робототехника, 3D модельдеу және схемотехника курстарын қашықтан оқып жүр. Олардың арасында болашақта еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне үлес қосатындар бар екеніне сенімдімін», - дейді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы облыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Елеуов.

Сайыс қорытындысымен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері Темірлан Нұптоллаев пен Еламан Жанатбек «Робототехника» номинациясында жеңімпаз атанды. Олар «M-939» жүк тасымалдау жабдықтарының моделін ұсынды.

Ал, «Қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері» аталымында Жылыой ауданындағы «Жас техниктер» станциясының тәрбиеленушісі Жұмаш Дастан үздік деп танылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауыл мектебінің оқушылары робот, дрон құрастырып жатқанын жазға едік.


Соңғы жаңалықтар