Атырау стационарларының жансақтау бөліміндегі жүктеме 70 пайыздан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау стационарларының жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационаларда қауіпті вирусқа шалдыққан 1 444 науқас емделіп жатыр.

«Өңірде 2 922 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлардағы жүктеме 49,4%-ды құрады. Стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырып, жағдайы нашарлаған 80 науқас оқшауланды. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын.


Соңғы жаңалықтар