Атырау соттарында зағип жандар үшін ақпараттық мнемосхемалар орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының соттарында зағип және көру қабілеті төмен жандар үшін ақпараттық мнемосхемалар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес қолға алынған.

«Атырау облысындағы барлық сот ғимаратына кіреберісте зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналған нысанның бедерлі жоспары ретінде ақпараттық мнемосхемалар орнатылды. Онда мекеменің атауы мен жұмыс кестесі, маңызды нысандар мен үй-жайлар, оларға қарай жүру жолдары Брайль қарпімен таңбаланып көрсетілген. Мнемосхеманың негізгі мақсаты – зағип және көру қабілеті нашар адамдарға бағдарлауға көмектесу, олардың қозғалысын жеңілдету. Мнемосхема қолға сезіледі, саусақтардың ұшымен оқылады» -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Брайль жүйесімен соттардың деректері мен сот ісін жүргізуге қатысты ақпараттар көрсетілген кітаптар бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда татуласу орталығы ашылған еді.


Соңғы жаңалықтар