Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында полиция қызметкерлері 600 кг бекіре тұқымдас балық тиелген көлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция кезінде Құлсары - Сарықамыс тас жолында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 килограмнан астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар