Атырау полициясы жәбірленушілерді әлеуметтік желілер арқылы іздеуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атыраулық полицейлер 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан ұрлық жолымен табылған 30-дан астам алтын бұйымдар мен өзге де мүліктер тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшылары тәркіленген бұйымдардың иелерін іздестіру үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда. «Жарияланған фотосуреттің ішінен өз мүліктеріңізді таныған жағдайда «102» операторына және 983302, 983399 телефондарына қоңырау шалуға болады«,-делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Тәркіленген заттардың ішінде әртүрлі номиналда жасалған арнайы монеталар, ойын приставкалары, тіпті құрылыс құрал-саймандары да бар.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жыл басынан бері №2 қалалық полиция бөлімінің аумағында 123 ұрлық фактісі ашылған.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған әдісі пластикалық терезелерден кіру арқылы жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар