Атырау полициясы ломбард пен кепілдікке алынған адамға қатысты жағдайды түсіндірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер ломбард пен кепілдікке алынған адамға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 ақпаннан бері Атырау қалалық полиция департаментіне алаяқтардың заңсыз әрекеттері туралы қала тұрғындары хабарлауда. Қазіргі уақытта «Гарант24 Ломбард» ЖШС мен «НурАлиКапитал» ЖШС-не қатысты ҚР ҚК 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Гарант24Ломбард» ЖШС аймақтық директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі ломбардтардың бірінің салымшысы ұстап отқан кепілдікке алынған адам туралы ақпаратқа да түсініктеме берді.

«Ломбард директорын кепілдікке алуға қатысты түсіндіре кетсек, 22 ақпан күні полиция басқармасына әйел адам арызданып, қаладағы үйлердің бірінде ер адамды заңсыз ұстап отырғаны туралы мәлім етті. Көп ұзамай көрсетілген мекенжайға жедел-тергеу тобы барып, ер адамды Полиция басқармасына жеткізді. 1995 жылы туған ер адамның «ХоумАвтоИнвест» ЖШС-нің атқарушы директоры екені анықталды. Оның айтуынша, азамат ЖШС салымшыларымен келіссөз жүргізу мақсатында пәтерге келген. Оған қатысты күш көрсету оқиғасы тіркелмеген. Қазіргі уақытта ол полиция департаментінде пәтерге өз еркімен әлде мәжбүрлі түрде барғанына қатысты түсініктеме беріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тұрғындардың арызына қатысты заңды шешім қабылданады. ҚР ҚПК 201 бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.

Автор: А. Соколов



Соңғы жаңалықтар