Атырау полицейлері жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының полицейлері ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 27 желтоқсанда сағат 00:30-да Атырау облысында көктайғаққа байланысты «Атырау–Индер» бағытындағы жол жабылған. Ал, сағат 08:30-дан бастап «Миялы–Сағыз» учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген. Ертең, 28 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіліп отыр.

«Атырауда қар түсіп, тайғақ басталғалы патрульдік полиция батальонының жұмыс жүктемесі арта түсиі. Өйткені, автокөліктердің жолдан тайып кетуі жиілеп, апатты жағдайлар көбейді. Бұған қолайсыз ауа-райы себеп болып отыр. Сондықтан, патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге дер кезінде көлікке қысқы дөңгелек орнатып, сақтық шараларын бұзбауды ескертеді», -деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар