Атырау полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірісті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, 2021 жылғы 31 желтоқсаннан 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылған.

«Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Көшелерде полиция жасақтарының, оның ішінде жаяу жүретін жасақтардың саны артатын болады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар өтетін, адамдар көп жиналатын орындарды, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын бақылауды қамту үшін патрульдеу маршруттарына бөлінген нарядтарға қажетті түзетулер енгізілді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның сарбаздары тартылады», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полицейлері жүргізушілерге жолда сақ болуды ескерткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар