Атырау полицейлері ереуілде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының полицейлері қаза тапқан әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 10 қаңтарда Атырау облыстық полиция департаменті мен барлық бөлінісінде басшылық құрам, ішкі істер органының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Біздің әріптестеріміз ерлік пен батылдық танытып, қызметтік және әскери борышын соңына дейін абыроймен атқарды. Әріптестеріміздің қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқаны өте өкінішті. Қаза тапқан әріптестеріміздің есімі біздің жадымызда, ішкі істер органдарының тарихында сақталады», - деді Атырау облысының коменданты – облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жаппай тәртіпсіздіктен 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар