Атырау полицейлері бір аптада 121 адамның құжатын рәсімдеуге көмектесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері бір апта ішінде 121 азаматқа құжатын рәсімдеуге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция полиция департаментінің көші-қон қызметі және Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті филиалы бірлесіп, мобильді топ құрған.

«Бірлескен мобильді топ құрудағы мақсат – карантин кезінде құжаттарының қолданылу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға тұрғылықты мекенжайында жеке куәлікті рәсімдеуге көмек көрсету. Бірлескен мобильді топтар 13 мамырдан бері 121 адамға көмек көрсетті» -дейді полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Руслан Әділов.

Оның айтуынша, көмек алғандардың арасында денсаулығы нашар, көшеде өз бетінше жүре алмайтын зейнеткерлер мен әлеуметтік төлем алушылар бар.


Соңғы жаңалықтар